shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Экономика, қаржы және есеп кафедрасы / Магистратура

7M04118 - Экономика магистратура бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Экономика, қаржы және есеп кафедрасы

  • Экономиканың даму  заңдылықтарын және олардың көріну нысандарын біліп, деректерді өңдеу мен талдаудың кең құралдарын қолданып,  әлеуметтік – экономикалық үдерістерді зерттеудің  қолданыстағы  тұжырымдамаларын  сын көзбен талдап, алынған нәтижелерді өңдеп, оған баға бере отырып, экономика мен басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми  зерттеулер жүргізеді. 
  • Салалық тұрғыда экономиканы басқару  мен тұрақты даму  негіздерін біліп, кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инновациялық мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын таңдап,  инновациялық кәсіпорындарды құру және жаңа енгізілімдерді басқару тетіктерін талдай отырып экономикалық ұсыныстарды  тұжырымдайды және жүзеге асырады.
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • экономиканың әртүрлі салалары,әртүрлі меншік фомаларындағы  кәсіпорындар мен компаниялар,қаржы секторы,мемлекеттік органдар,білім беру сферасы,барлық меншік формасындағы мекемелер мен ұйымдар,мемлекеттік басқару органдары,ғылыми-зерттеу мекемелері.