shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Экономика, қаржы және есеп кафедрасы / Докторантура

8D04106 - Экономика докторантура бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Экономика, қаржы және есеп кафедрасы

  • Стратегиялық жоспарлаудың әртүрлі мәселелерін шешудің әдіснамасы мен әдістерін әзірлей және жетілдіре отырып, стратегиялық жоспарлаудың болжамдарын, экономиканың дамуын анықтайтын бағдарламалық жобалар мен объективті заңнама жоспарларын жасап және басқарушылық шешімдерде экономикалық талдап экономиканың бәсекеге қабілеттілігін басқарудың әдістері мен модельдерін анықтайды.
  • Жаһанданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап және болжап, жаһандану және экономиканың интеграциясы жағдайында отандық ғылымның қазіргі заманғы даму тенденцияларының заңдылықтары мен бағыттарын қолдана отырып, жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтандыру тетіктері мен жетілдіру жолдарын талдайды және ұсынады.
     
  • Докторантураға «магистр» дәрежесін  алған және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар қабылданады. Докторанураға үміткерлер шет тілін білетіндігін дәлелдейтін жалпы еуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес келетін халықаралық сертификаттарды ұсынады. Докторантураға оқуға түсу емтиханының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Ғылыми, әлеуметтік, қаржылық, кəсіби қызмет объектілерінің жиынтығы. Кәсіпорынды басқару, жобаларды басқару, бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау.
  • Ұлттық компаниялар (квазимемлекеттік сектор), шағын, орта және ірі кәсіпорындар, меншікті бизнес, ұйымдар мен кәсіпорындардың аналитикалық орталықтары.