shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Лидер жиһаз жасау фабрикасының өкілдерімен кездесу өткізілді

30 қазан күні  Экономика, қаржы және есеп кафедрасының ұйымдастырумен бітіруші курс білімгерлеріне, қазіргі таңда Қазақстанда өз саласында бренд болып табылатын Лидер жиһаз жасау фабрикасының өкілдерімен кездесу  өткізілді. Экономика, қаржы және есеп кафедрасының оқытушы-профессор құрамы және студенттермен , қазіргі таңдағы жиһаз жасау саласындағы ерекшеліктерімен ол жердегі  жүргізілетін жұмыс тарға қажетті мамандардың  қажеттілігі жайлы  сұқбат жүргізілді.  Экономика қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі Г.Азретбергенова «Лидер» ЖШС өкілдеріне берілген  мәліметтерге рахмет айтты. Сонымен қатар, кафедра мен Лидер жиһаз фабрикасы әрі қарай бірігіп атқаратын жұмыстарының жоспары жасалды, Осы 2025-2026 оқу жылында 4 курс студенттерін практикаға алатыны жайлы хабардар етті.