«Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар аясында Ирактың геосаяси маңызы» тақырыбында семинар өткізілді
2025 жылдың 10 қыркүйек күні Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының ұйымдастыруымен Имам Жафар Аль-Садиқ университетінің оқытушысы Dr. Башар Албаятидың қатысуымен «Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар аясында Ирактың геосаяси маңызы» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты студенттердің Таяу Шығыс аймағындағы геосаяси өзгерістер мен Ирактың халықаралық қатынастардағы рөлі туралы білімін тереңдету болды. Семинар барысында Ирактың геостратегиялық маңызы, аймақтағы сыртқы акторлардың ықпалы және қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Қатысушылар тақырып бойынша қызығушылық танытып, пікір алмасты.
Біріккен ұлттар ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны
Азаматқа қызмет ету:бір кәсіби маманнын біріккен ұлттар ұйымындағы жолы
Халықаралық көші-қон үдерісі
Сабақ кестесі
Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар аясында ирактың геосаяси маңызы 