БҰҰ-ның 80 жылдығында қарулану және қарусыздану
2025 жылдың 20 қараша күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының ұйымдастыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «Дипломатиялық сұхбаттар» сериясы аясында «БҰҰ-ның 80 жылдығында қарулану және қарусыздану» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – халықаралық қауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылық контексінде қарулану динамикасын, қарусыздану саласындағы жаһандық үрдістерді және халықаралық ұйымдардың осы бағыттағы рөлін талдау болды. Кездесудің спикері – Абдуллах Гүл университетінің Саясаттану және халықаралық қатынастар бөлімінің оқытушысы, халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшы Dr. Абдуллах Гүл. Спикер заманауи қару-жарақ жарысының себептері, стратегиялық тепе-теңдік, бейбітшілікті қолдауға бағытталған қарусыздану бастамалары және жетекші державалардың қауіпсіздік архитектурасына ықпалы жөніндегі ғылыми тұжырымдарын ортаға салды. Іс-шара барысында білім алушылар жаһандық қауіпсіздік жүйесіндегі өзекті өзгерістерді, қарулану-қарусыздану үдерістерінің халықаралық қатынастарға әсерін және БҰҰ шеңберіндегі механизмдердің тиімділігін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ҚАРУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ТҮРКИЯ-ГРЕКИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Біріккен ұлттар ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны
Азаматқа қызмет ету:бір кәсіби маманнын біріккен ұлттар ұйымындағы жолы
Халықаралық көші-қон үдерісі
Сабақ кестесі
Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар аясында ирактың геосаяси маңызы 