Студенттік кеңес

Факультеттің Студенттер Кеңесі – бұл ең алдымен факультеттің белсенді жастары. Олардың негізгі міндеті – факультеттегі білім алушылардың студенттік өмірін гүлдендіру және жатақхана тұрғындарының тазалығын, тәртібін қадағалау ғана емес, сонымен қатар студенттік өмірін жандандыру мақсатында мәдени, ғылыми іс-шаралар (спорттық, рухани, би кештері, дебаттар, ойын-сауық кештері) байқаулар ұйымдастыру. Студенттер кеңесінің жастардың патриоттық рухын дамытуда, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда, өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамытуда айтарлықтай зор үлесі бар. Отырыс айына 1 рет өткізіледі.
Студенттік кеңес жұмысының негізгі бағыттары:
Оқу бағыты:
- оқу процесінің барысын ұйымдастыру және бақылау;
- оқырман конференцияларын дайындау және өткізу;
- емтихандық сессияға дайындық
Әлеуметтік-мәдени бағыты:
- Университет аумағын жинау бойынша сенбіліктер ұйымдастыру;
- Мәдениет орталығы: мерекелерді, демалыс кештерін, шоу, әдеби конкурстарды ұйымдастыру;
- Ұлттық мәдениет кештерін, ұлттық салт-дәстүрлер мен мерекелер көрмелерін дайындау және ұйымдастыру.
Спорт бағыты:
- Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;
- Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің жұмысын ұйымдастыру:
- Студенттік жастар кеңесі өз жұмысын ұжымшылдық, өзара қарым-қатынас, құрмет негізінде және бастауларында құрады;
Біріккен ұлттар ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны
Азаматқа қызмет ету:бір кәсіби маманнын біріккен ұлттар ұйымындағы жолы
Халықаралық көші-қон үдерісі
Сабақ кестесі
Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар аясында ирактың геосаяси маңызы 