shape
shape

Бағдарламалар

Экономика және басқару факультеті / Халықаралық қатынастар кафедрасы / Магистратура

7M03117 - Саясаттану магистратура бағдарламасы

Course Image Экономика және басқару факультеті Халықаралық қатынастар кафедрасы

7M03117 - Саясаттану магистратура бағдарламасы

Саясаттану ғылымы саласындағы заманауи ғылыми-практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметін сәтті жүзеге асыра алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. 

 

- алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды;

- кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады;

- педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады;

- кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады; 

- халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды;

ұйымдастырушылық жұмыстың машықтарын иелене отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің құрылымындағы сыртқы және ішкі саясат жұмыстарын ұйымдастырады;

- халықаралық қатынастар, дипломатия, ұлттық немесе аймақтық сыртқы саясат, саясаттану мәселелері бойынша кәсіби кеңестер беріп, сараптама жасайды. 

 

Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.  

ЖОО-дарында Әлеуметтік ғылымдар (Саясаттану) бағыты; ЖОО-дарында ішкі, сыртқы саясат бөлімдері, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақыл-ой орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйым, елшілік пен консулдық мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі ішкі, сыртқы саясат бөлімі, министрліктердің ішкі, сыртқы саясат бөлімі, БАҚ.