shape
shape

Факультет тарихы

Тарихымыз

Экономика және басқару факультетінің мамандықтары 1991 жылы университет ашылған алғашқы күннен бастап студенттерді даярлап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. Факультет ұзақ жылдар бойы аймақ пен ел үшін білікті экономистерді, менеджерлерді, қаржыгерлерді және халықаралық қатынастар саласының мамандарын дайындаудың маңызды орталығына айналды. 

Факультеттің тұңғыш деканы – А.М. Ризаходжаев. Кейінгі кезеңдерде оқу орнының дамуына елеулі үлес қосқан тәжірибелі басшылар факультетті басқарды: 

А.У. Ищанов, М.Н. Расулов, Б.С. Мырзалиев, С.С. Ыдырыс, Мехмет Топлу, Эфтал Шукру Батмаз, Юксел Челик, Бюлент Байрам, А.А. Құралбаев, Г.Р. Момбекова, Д.Н. Келесбаев және Ж.М.Акимов. Алғаш құрылған кезде факультет құрамында Экономикалық теория және халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасы болған. Қазіргі таңда факультет құрылымы кеңейіп, үш кафедра жұмыс атқаруда: Экономика, қаржы және есеп; Менеджмент және туризм; Халықаралық қатынастар.