shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Классикалық араб тілі сабағы жоғары деңгейде басталды!

Классикалық араб тілі сабағы жоғары деңгейде басталды!

Факультетіміздің профессоры, ғылым докторы Али Риза Гүл дәстүрге айналған жұма күнгі Классикалық араб тілі сабағының жаңа кезеңін бастап берді.

???? Алғашқы дәрістің өзінде аудитория лық толды. Студенттер тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушы ретінде пікір алмасып, сұрақтар қойып, мәтіндерге талдау жасап отырды.

???? Дәріс барысында классикалық араб тілінің нәзік қырлары, мәтін құрылымының ерекшеліктері және дәстүрлі еңбектермен жұмыс жасау тәсілдері қызықты әрі терең түсіндірілді. Сабақ мазмұнды диалог форматында өтіп, студенттердің қызығушылығын арттырды.

✨ Бұл дәріс — тек тіл үйрену емес, ғылыми ойлау мен мәтіндік талдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.