shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Қамқорлық кейпіндегі қудалау психологиясы»

«Қамқорлық кейпіндегі қудалау психологиясы» – маңызды тақырып, терең талқылау
ТПД-511 тобының кураторы Ақназарова Раушан студенттермен «Қамқорлық кейпіндегі қудалау психологиясы» атты тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шара барысында кейде қамқорлық болып көрінетін, алайда шын мәнінде адамның жеке шекарасын бұзатын, психологиялық қысымға әкелетін әрекеттер кеңінен талқыланды. Студенттер өмірлік мысалдар арқылы мәселенің мәнін түсініп, өз ойларын ашық білдірді.
Кездесуге университетіміздің білікті психологы Лаззат Мырзашова арнайы қатысып, кәсіби тұрғыдан түсіндірме жасап, психологиялық қауіпсіздік, жеке шекара және эмоционалдық саулық тақырыптарына тоқталды. Мамандардың пікірлері мен нақты кеңестері студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.
???? Қамқорлық пен бақылаудың айырмашылығы
???? Жеке шекараны сақтау мәдениеті
???? Психологиялық қысымды тану жолдары
???? Қауіпсіз қарым-қатынас қалыптастыру
Тәрбие сағаты ашық диалог форматында өтіп, студенттердің белсенді қатысуымен мазмұнды әрі әсерлі кездесу болды.