«Жастар және құқықтық жауапкершілік»
«Жастар және құқықтық жауапкершілік» – саналы ұрпаққа бағытталған маңызды кездесу
Бүгін Теология факультетінің студенттері үшін Заң факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, PhD доктор Ибраев Жандос Габитович арнайы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында «Жастар және құқықтық жауапкершілік» тақырыбы студенттерге түсінікті, қарапайым әрі өмірмен байланысты мысалдар арқылы кеңінен ашылды. Құқық пен жауапкершілік ұғымының мәні, заң алдындағы міндет, азаматтық сана мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістердің мазмұны, олардың енгізілу себептері мен құқықтық негіздері нақты нормаларға сүйене отырып кәсіби түрде түсіндірілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар төңірегінде ашық пікір алмасты.
✨ Кездесу мазмұнды диалог форматында өтіп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілік санасын қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Сабақ кестесі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 