ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ҚР КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫМЕН КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін университетіміздегі шетелдік студенттер Қазақстан Республикасының көші-қон заңымен кеңінен танысты. Осы тақырып аясында Түркістан облысы Полиция департаменті, Көші-қон қызметі басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Аида Смағұл шетелдік студенттерге ақпарат берді.
Іс-шараға Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу қатысты.
Жиында сөз бастаған Полиция департаменті, Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Аида Смағұл: «Ең алдымен, студенттерге Қазақстан Республикасында болу тәртібін түсіндіруге мүмкіндік берген университет басшылығына алғыс айтамын!
Қазақстанға білім алуға келген студенттер, оқу ордаларыңыздағы деканатқа құжаттарыңызды тапсырып, Халықаралық қатынастар бөліміне барып, құқықтық тәртіптеріңізбен танысуларыңыз шарт. Бұл өте маңызды»,-деді.
Шара барысында Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік студенттердің құқықтары туралы тың ақпараттар берілді. Сондай-ақ көші-қон заңын сақтау ережелері, шетелдік студенттерді уақытша тіркеу талаптары, ҚР аумағындағы тәртіп және виза сынды т.б мәселелер қарастырылды.
Жиын соңында білімгерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.