shape
shape

Бағдарламалар

Теология факультеті / Дінтану кафедрасы / Бакалавриат

6B01683 - Дінтану (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Теология факультеті Дінтану кафедрасы

  • Дінтанудың тарихи және зайырлы теорияларын ескеріп, педагогикалық инновацияларды  меңгеріп, дәстүрлі сабақ құрылымын әзірлеп, өткізеді.
  • Тәсіби ортада қолданылатын діни-құқықтық қағидаттарды қолдана отырып, оқу материалдарын әзірлейді.
  • Дінтану саласында ғылыми, тарихи және діни білімін еркін қолданып, оқу үдерісінің тәрбиелік әлеуетін дамытады
  • Дінтану бойынша гуманитарлық білім бакалавры білім беру бағдарламасынаоқуға түсу үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы және шығармашылық емтихандардан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары №600 31.10.2018ж.).
  • Kәсіби қызмет нысаны - жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, оқу құралдарын шығаратын баспалар, білім департаменттері, дінтану пән мұғалімдерінің білімін жетілдіру институттары, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мекемелер.