Заманауи еңбек нарығының және жұмыс берушілердің сұранысына жауап беретін Қазақстандағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және дінтанулық ағарту жұмыстарын іске асыру мақсатында дінтану бойынша толыққанды, сапалы кәсіптік білім мен кәсіби құзыретті түлектерді дайындау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және діни ресурстарды қолдану арқылы халықтың діни сауатын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.