shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Деструктивті діни ағымдардың ықпалына тәуелді болудың алдын алу

Қыркүйек айының 17-жұлдызында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттерінің арасында «Деструктивті діни  ағымдардың ықпалына тәуелді болудың алдын  алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Түркістан облысы дін істер басқармасы дін мәселесінің зерттеу орталығының директор орынбасары Тағай Айбек мырза танымдық-түсіндірме баяндамасын жасады. Бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбына айналған діни ағымдардың жастар арасындағы насихатталуы сөз болды. Жат ағымдардан алыс болып, білімге, тәрбиеге баса назар аудару керектігі айтылды. Баяндама барысында сұрақ жауап айдарына да орын берілді. Осындай пайдалы шаралардың өткізілуі жастар үшін өте маңызды болмақ.