Біз туралы
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті мектепке дейінгі, бастауыш білім беру, педагогика және психология, отандық және дүние жүзілік тарих, журналистика бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын аймақтағы негізгі орталық болып табылады. Мамандарды даярлау үш сатылы жүйе бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат, магистратура, PhD докторантура. Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыс байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген. Факультет түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-мәдени жұмыста, ішкі істер жүйесінде, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінде сұранысқа ие.
Республика мен аймақтың көрнекті саяси, қоғамдық, ғылыми қайраткерлерінің арасында біздің факультеттің түлектері бар. Мамандарды дайындау педагогика, психология, тарих және журналистика бойынша іргелі білім бағдарламаларына негізделген. Факультетте 13 Білім беру бағдарламасы бойынша 630 білімгер бар. Оның ішінде Түркия, Қытай, Қырғызстан, Түркменстан, Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан сияқты елдерден келген шетелдік білімгерлер бар. Студенттерге білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде: 5 ғылым докторы, 33 ғылым кандидаты, 20 PhD доктор, 31 магистр-аға оқытушылар оқытушы бар. Маман дайындаумен «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру», «Педагогика және психология», «Тарих» және «Журналистика» кафедралары айналысады. Студенттер үшін арнайы жасақталған интерактивті дәрісханалар, соңғы үлгіде жабдықталған кітапхана, интернет сыныптары, спорт кешені, студенттік асхана, жатақханалар бар.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті-кәсіби дамуды жетілдіру, іргелі білім беру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, рухы биік, Отанын сүйетін, инновацияға ашық әрі бейім тұлға дайындауды негізгі міндеті деп біледі.