shape
shape

Бағдарламалар

Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті / Педагогика және психология кафедрасы / Бакалавриат

6B01101 - Педагогика және психология

Course Image Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті Педагогика және психология кафедрасы

Еңбек нарығында сұранысқа ие, оқытушылық және психологиялық-педагогикалық кәсіби қызметті жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті,  білім бакалаврын даярлау.

Білім беру бағдарламасы кәсіби қызметке қажет іргелі білім, дағды және құзіреттіліктері; экологиялық, этикалық, құқықтық және ойлау мәдениеті; педагогикалық және психологиялық білімі мен білігі; жалпы адами және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтары қалыптасқан, Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және педагогикалық және психологиялық  ресурстарды қолдану арқылы білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қалыптастырады.

  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • Психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына диагностика жүргізеді. 
  • Білім беру процесі қатысушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.
     
  • 6B01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті және/немесе кешенді тест тапсыру қорытындысы байқауынан – «кіріс» сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер арнайы дайындықтан (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) өтуі қажет.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесі.
  • Жалпы білім беретін орта мектеп.
  • Бастапқы және орта кәсіптік білім беру ұйымдары.
  • Педагогикалық колледждер.
  • Арнайы білім беру ұйымдары.
  • Республикалық, облыстық, мемлекеттік әкімшілік мекемелерінде. 
  • Қоғамдық ұйымдар және т.б.