shape
shape

Бағдарламалар

Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті / Тарих кафедрасы / Бакалавриат

6B01615 - Тарих

Course Image Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті Тарих кафедрасы

Іргелі және қолданбалы теориялық білімді, зерттеушілік дағдыны меңгерген, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыратын, бәсекеге қабілетті тарих мұғалімін даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • 6B01615-Тарих бойынша гуманитарлық білім бакалавры білім беру  бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық)  білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі  құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған  қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде  оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және  білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), Жоғары және жоғары оқу  орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын  бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту  туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018  жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы.Республикасы Ғылым  және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29  бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Kәсіби қызмет нысаны - жалпы білім беретін және арнаулы мектептер,  лицейлер, гимназиялар, колледждер, оқу құралдарын шығаратын  баспалар, білім департаменттері, тарих пән мұғалімдерінің білімін  жетілдіру институттары, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін  мекемелер.