shape
shape

Бағдарламалар

Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті / Педагогика және психология кафедрасы / Магистратура

7M01101 - Педагогика және психология

Course Image Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті Педагогика және психология кафедрасы

Еңбек нарығында сұранысқа ие, ғылыми -зерттеу, оқытушылық және психологиялық-педагогикалық қызметті жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті ғылыми танымы мен психологиялық даярлығы қалыптасқан  кәсіби құзыретті педагогика ғылымдарының магистрін даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Заманауи білім беру әдістемесін және педагогикалық технологияларды қолданып, біліміндағдыларын үйлестіріп,  тұтас педагогикалық үдерісте білім беру іс-әрекетін ұйымдастырады 
  • Педагогикалық – психологиялық диагностикалау, коррекциялау,  кәсіби кеңес беру   жұмыстарын ұйымдастырады 
  • Педагогика және психология ғылымы саласында гносеология мен әдіснамалық зерттеулерде  статистикалық сараптауды жүргізу үшін, кешенді мониторингті дәлдікпен дербес жүзеге асырады
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер,техникумдар, училищелер), ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.