shape
shape

Бағдарламалар

Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті / Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы / Магистратура

7M01202 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Course Image Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы

Педагогикалық қызметті, ғылыми зерттеулерді шығармашылықпен және жоғары кәсібилікпен жүзеге асыратын, педагогикалық қызмет саласындағы міндеттерді қоғам үшін пайдалы, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық деңгейде шеше алатын жаңа формациядағы мектепке дейінгі білім берудің жоғары білікті, бәсекеге қабілетті маманын даярлау.

7М01202 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы магистратурадағы ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша жүзеге асады және білім беру бағдарламасы ғылым мен педагогика саласында терең білімге ие жоғары оқу орындары жүйесі мен ғылыми-зерттеу құрылымдарына жоғары оқу орнынан кейінгі маман кадрларды дайындауды көздейді.

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып,  мектепке дейінгі педагогиканың  даму тарихы мен  педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми-психологиялық негіздерін меңгеріп, білімді басқарудың жаңа тұғырларын зерттейді.
  • мектепке дейінгі маманның  кәсіби этикалық нормаларын талдай отырып, отбасы тәрбиесі мен ЖОО-дағы тәрбие жұмыстарын жоспарлайды.
  • қазіргі заманғы тұлғаға бағдарлы білім беруде педагогика ғылымының өзекті мәселесі ретінде ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
     
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген). Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.