Ғылыми танымы мен психологиялық даярлығы қалыптасқан, оқытудың мазмұнын әзірлеу мен заманауи әдістерін қолдануды меңгерген және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен оқытудың дербес әдістемесін жүзеге асыратын болашақ бастауыш білім саласы магистрлерін даярлау.
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы магистратурадағы ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша жүзеге асады және білім беру бағдарламасы ғылым мен педагогика саласында терең білімге ие жоғары оқу орындары жүйесі мен ғылыми-зерттеу құрылымдарына жоғары оқу орнынан кейінгі маман кадрларды дайындауды көздейді.