shape
shape

Бағдарламалар

Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті / Педагогика және психология кафедрасы / Докторантура

8D01101 - Педагогика және психология

Course Image Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті Педагогика және психология кафедрасы

Педагогика және психология саласында мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдардың жұмыс істеу және даму стратегияларын жасауға,  логикалық әдістерді пайдалануға, кәсіби қызмет пен өзара  іс-қимыл модельдерін құрастыруға және басқару әдіснамасын менгеруге, макроәлеуметтік және  макроэкономикалық  жүйелерді модельдеуге, енгізуге және бейімдеуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдай отырып, ғылыми көзқараспен маңызды зерттеу процесін ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсетеді.
  • Зерттеу дағдылары мен әдістерін игере отырып, өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың жұртшылыққа хабарлай отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өз түпнұсқа зерттеулерімен үлес қоса отырып, зерттеу саласы туралы жүйелі түсінік көрсетеді.
     
  • Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар, оқу бітірген тұлғалар қабылданады. Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.  Шетел азаматтарын докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
     
  • Kәсіби қызмет нысандарына  ЖОО-дары, колледж, гимназия, ғылыми-зерттеу институты, мұражай, ғылыми-жобалау мекемелері, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі басқармалар мен бөлімдер; республикалық ведомстволарының салалық бөлімшелері, департаменттері; ғылыми-зерттеу, ғылыми-сараптаушылық мекемелері және т.б. жатады.