Біз туралы
Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультеті денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде білім береді.
Факультеттің негізгі мақсаты – оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, заманауи талаптарға сай практикалық денсаулық сақтау мамандарын сапалы дайындау.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті интернатурада «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша және 31 резидентураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Факультет жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары аясында заманауи сұраныстарға жауап бере алатын жоғарғы білікті медицина саласының мамандарын даярлайды. Кафедралардың оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарларының, пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының әзірленуін және тәжірибеде қолдануын қадағалайды. Факультеттің құрамына енетін кафедралардың оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Білім алушылар үшін мамандық ерекшеліктеріне сәйкес жасақталған интерактивті дәрісханалар, электронды кітапхана, оқу залы, компьютер кабинеттері жұмыс істейді және факультеттің оқу клиникалық базалары Шымкент қаласында орналасқан медициналық мекемелермен қамтылған.
Профессор-оқытушы құрамы жаңа заман талабына сай мамандар даярлап, халықаралық деңгейде білім беру үшін медицинадағы инновациялық технологияларды қолданып, аянбай еңбек етуде. Жалпы 174 профессор-оқытушы құрамы бар, 11 ғылым докторы, 6 РhD доктор, 57 ғылым кандидаты, 20 магистр өз білімдерін, интерндерге, резиденттерге білім беруде тынымсыз еңбек етуде, (дәрежелі профессорлар-оқытушы- 40%).