shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Университет ғалымдары ғылыми іссапарға барды

ҚР Ғылым комитетімен 29.09.2025ж. жасалған №312/25-27 ГФ келісім-шартқа сәйкес 2025-2027 жылдарға арналған AP26193791 «Жаратылыстану пәндерін оқытуды дербестендіру үшін жасанды интеллектілі геймификациялық цифрлық ортаны әзірлеу мен іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» атты ғылыми жоба жетекшісі Г.Ниязова,  жобаның зерттеу тобы мүшелері И.Усембаева, Б.Дуйсекеева, А.Абен 21-26.11.2025ж. аралығында Түркия мемлекеті, Анкара қаласында  ғылыми іссапарда болды. 

Ғылыми іссапар барысында ғалымдарымыз «12th International education and innovative sciences congress» (https://www.24kasim.org/) іс-шарасында зерттеу нәтижелері бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, Гази университеті профессорлары мен зерттеушілерімен кездесулер өткізіп, ғылыми зерттеулерді бірлесе іске асыру, маман ретінде докторанттарға жетекші болу, шақырылған профессор ретінде дәріс оқу бойынша пікір алмасты, ғылыми кітапханаларда зерттеу жұмыстарын жүргізді.