XXXIV ғылыми-теориялық конференциясы өтті
2025-2026 оқу жылының қараша айының 13–14 жұлдызында Инженерия факультеті, Электр инженериясы кафедрасына қарасты ББ бойынша білім алушылардың XXXIV ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияға Инженерия факультеті, Электр инженериясы кафедрасының білім алушылары мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, олардың кәсіби бағыттағы ғылыми ойлауын арттыру және жаңашыл идеяларды талқылау алаңын қалыптастыру.
«Электр энергетикасы және автоматтандыру» секциясы бойынша 18 білім алушы ғылыми баяндамаларын ұсынды. Баяндамаларды таныстыру барысында білім алушылар өздеріңнің ғылыми жобалары мен презентация материалдарын пайдаланып, зерттеу нәтижелерін жан-жақты көрсетті. Әр баяндамадан кейін оқытушылар тарапынан сұрақтар қойылып, талқылау жүргізілді. Бұл өз кезегінде баяндамалардың мазмұнын кеңінен ашуға және білім алушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік берді. Білім алушылардың XXXIV ғылыми-теориялық конференциясының қорытындысы бойынша бекітілген комиисия тарапынан төмендегі білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары үздік деп танылды және жүлделі орындарға ие болды:
I орын
Аширбеков Фаррух Рахматуллаевич
Тобы: АЭЭ-311
Тақырыбы: «ГибЭС – Жер асты ЖЭС пен шағын СЭС негізінде қалдықтардан және су ағындарынан энергия өндіретін гибридті станциясын құру»
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Меирбекова О.Д.
II орын
Нысан Нұрахмет Зайдұлы
Тобы: АЭЭ-311
Тақырыбы: «International Thermonuclear Experimental Reactor жобасын зерттеу»
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Меирбекова О.Д.
Неманова Хуснора Шавкатқызы
Тобы: ААБ-311
Тақырыбы: «MATLAB арқылы кескіш чиппер мен дечиперді жобалау»
Ғылыми жетекшісі: доктор, профессор Мехмед Хакан
III орын
Иса Мариям Нұрланқызы, Сунатуллаев Нурахун Айтжанұлы
Тобы: ИЭЭ-411
Тақырыбы: «Смарт-грид (Smart Grid) жүйелері: болашағы мен енгізу мәселелері»
Ғылыми жетекшісі: магистр, оқытушы Калимбетова Ж.С.
Сұлтанбек Сәкен Талғатұлы
Тобы: ААБ-311
Тақырыбы: «Қадамдық қозғалтқыштың көмегімен трекер жұмысын автоматтандыру»
Ғылыми жетекшісі: техн.ғ.д. Рустамов Н.Т.
Дүйсенбек Серік Ерғалиұлы
Тобы: АЭЭ-311
Тақырыбы: «Кентау трансформатор зауытының электр схемасын есептеу және таңдау»
Ғылыми жетекшісі: техн.ғ.к., доцент м.а. Абдикулова З.Қ.
XXXIV ғылыми-теориялық конференция білім алушылардың ғылыми ізденісін қолдауға, олардың кәсіби бағдарын кеңейтуге және инженерлік саладағы өзекті мәселелерді зерттеуге ықпал етті. Конференция жеңімпаздары марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
Сабақ кестесі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party» 