Ашық сабақ өткізілді
Компьютерлік инженКомпьютерлік инженерия кафедрасының аға оқытушысы Ескараева Бакытгуль Ирсимбетовна, қараша айының 4-і күні Ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәнінен "Google Docs және Microsoft Office Web Apps бұлтты сервистерімен танысу. Бұлтты сервистерімен жұмыс істеу үшін аккаунттарды құру. Ақпаратқа қол жеткізу үшін мобильді технологиялар пайдалану" атты тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Google Docs және Microsoft Office Web Apps бұлтты сервистерімен жұмыс істеу үшін аккаунттарды құру. Google Docs-та топтар құру арқылы жасалған құжаттар мен электрондық кестелер, google презентацияларды бөлісу жолдары көрсетіліп, google форма арқылы тест құрастыру жолдары талқыланды. Ақпаратқа қол жеткізу үшін мобильді технологиялар пайдалану жұмыс істеу кезеңдері көрсетілді. Білім алушыларға платформалар негізінде сұрақ-жауап, google формасында жасалған тест тапсырылды.
Сабақ соңында игерілген білім беру нәтижелері айқындалды:
-Google Docs бұлтты сервистерінде құжаттар, электрондық кестелер жіне презентацияларды, google формаларды құру, сақтау, бөлісу қолдану қызметтерді, түрлі функцияларды пайдаланады;
-ақпаратты сақтау, өңдеу, жинау және бөлісу үшін компьютерлік желілер мен жүйелердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамасын пайдаланады;
-әртүрлі салалар үшін электронды кестемен жұмыс, деректерді өңдеу және талдау әдістерін жасау үшін цифрлық технологияларды пайдаланады.




IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
Сабақ кестесі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз! 