shape
shape

Бағдарламалар

Инженерия факультеті / Электр инженериясы кафедрасы / Магистратура

7M07158 - Автоматтандыру және басқару

Course Image Инженерия факультеті Электр инженериясы кафедрасы

Автоматтандырылған және ақпараттық жүйелерді бақылау және инженерлік міндеттерді тұжырымдап шешу, технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру жобаларын әзірлеуге қабілетті маманды дайындау.

Өнеркәсіптік және қорғаныс салаларында, экономикада, көлікте, ауыл шаруашылығында, медицинада басқару жүйелері мен құралдарын жобалаумен, зерттеумен, өндірумен және пайдаланумен байланысты ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті маманды дайындаудан тұрады. Автоматты және автоматтандырылған басқару жүйелерін зерттеу мен жобалаудың, бақылаудың, техникалық диагностикалаудың және өнеркәсіптік сынаудың заманауи бағдарламалық және аппараттық құралдарын құру. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды. 

  • Қондырғы жұмысының оңтайлы режимінің параметрлерін, экологиялық  және техника-экономикалық талдауларын, электр энергетикалық нысандардың сұлбасын ұсынады.
  • Электр қондырғыларын зерттеуді, өлшеуді, сынауды, электр техникалық кешендерді әзірлеуді және өндіріске енгізуді ұйымдастырады.
  • Қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдана отырып нормативтік құжаттарға сәйкес монтаждау-жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Ұйымдастыру-басқару  қызметінде  ұжым жұмыстарының сапасын қамтамасыз ете отырып, өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалауда, ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлау кезінде шешімдер қабылдайды. 
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
     
  • Ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • Ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары.