«Қыздың қадірі – қоғамның мәдениеті»
Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қыздың қадірі – қоғамның мәдениеті» тақырыбында 1 курс студенттері арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына декан орынбасары Меңдіғани Жүсіпбаев, кафедра меңгерушісі Балзия Баешова, топ кураторы Ғалымжан Тәжібаев және студенттер қатысты.
Тәрбие сағатында ұстаздар өз ойларын ортаға салды. Қыз баланың қадірі мен қоғамдағы орны туралы сөз қозғады.
Студенттер де өз пікірін білдірді. Ой-толғаныстарын өлең жолдарымен жеткізген шәкірттер де болды. Талантты шәкірт Асылжан Есімханұлы қыздарға арнау жолдап, қыздарды құрметтеуге шақырды.
Сабақ кестесі 