Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектер Кеңесі қоғамдық бірлестігінің жетекшілерімен кездесу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультеті "Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық" кафедрасының ұйымдастыруымен Түркістан облысы Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектер Кеңесі қоғамдық бірлестігінің жетекшілерімен кездесу өткізді. Бұл кездесу - өткенді еске алу ғана емес, ардагерлерімізге құрмет көрсету, олардың ерлігін ұрпақ жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылған тағылымды шара болды.
Ардагерлердің жүріп өткен жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі, ертеңгі ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Өз кезегінде студенттеріміз өздерінің өнерлері мен шығармашылық қойылымдарын көрсетіп шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараға қатысқан Түркістан облысы Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектер Кеңесінің мүшелері:
Бегимов Турганбек Аширович – төраға
Бейсенов Нурболат Оналбаевич – төраға орынбасары
Пазылбеков Сапарбек Джандарбекович – төраға орынбасары
Азизов Ислам Исрафилоғлы – мүшесі
Бұл кездесу студенттерге батырларымыздың ерлігін ұмытпай, олардың салған жолымен жүріп, ел үшін адал қызмет етуге тәрбиелейді.
Сабақ кестесі 