ЖАУЫНГЕРЛІК САМБОДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Жауынгерлік самбодан ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Спорт факультеті «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының МДШ-311 тобының студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Аталған жарыста Асанқызы Нурила тамаша өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, І орын иеленіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ, Адилова Ұлбосын жүлделі ІІІ орынға ие болып, университет қоржынына қола медаль қосты. Спорт факультеті студенттерінің бұл жетістігі – жүйелі дайындық пен табандылықтың нәтижесі. Жүлдегерлерді құттықтап, олардың болашақ жарыстарында да табысқа жетуін тілейміз.
Сабақ кестесі 