BOXAM ELITE-2026: УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ - ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде 90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын жүлдеге ие болды.
Еуропадағы беделді бокс додаларының бірі саналатын бұл турнирге әлемнің таңдаулы былғары қолғап шеберлері қатысып, жоғары деңгейдегі бәсеке өрбіді. Осындай тартысты сайыста жеңіске жету – спортшының жоғары дайындығы мен табандылығының айқын дәлелі.
Сағындық Тоғамбай – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультетінің түлегі. Университетіміздің түлегінің халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, биік тұғырдан көрінуі – оқу орнымыз үшін үлкен мақтаныш.
Жеңімпаз спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!
Сабақ кестесі 