Хабарландырулар

shape
shape

Факультет тарихы

Факультет тарихы

Спорт факультеті 2001 жылы «Спорт пен өнер» факультеті болып негізі қаланды. Факультеттің алғашқы деканы болып п.ғ.д., профессор  Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы басқарған. 2025 – 2026 оқу жылынан Спорт факультетін профессор Сейдахметов Ермек Ергешұлы басқаруда. 2001 жылдан 2025 жылға дейін факультетте 4 кафедра, 13 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындап заманауи талаптарға сай қызмет атқарған. Қалыптасқан алғашқы жылдардан-ақ оқытушы профессор құрамы деңгейі өте жоғарылығымен ерекшеленіп келді. 

2025 жылы «Спорт және өнер» факультетінен «Спорт» факультеті жеке құрылым болып бөлініп шықты. Бұл шешім спорт саласының дамуы мен қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды тереңдетілген түрде дайындау мақсатында қабылданды. Қазіргі таңда Спорт факультетінде 2 кафедра 4 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауда. Факультет заманауи талаптарға сай қызмет көрсетіп, жоғары кәсіби деңгейдегі білім беру үрдісін жүзеге асыруда. Факультеттің қалыптасқан алғашқы жылдарынан бастап спорт саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Спорт факультетінің түлектері әлемнің және еліміздің түпкір-түпкірінде өз мамандықтары бойынша нәтижелі қызмет атқаруда. Біздің студенттеріміз оқу барысында-ақ халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсеткен. Мысалы, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, 2025 жылы Әлем чемпионатының жеңімпаздары Есенгелді Асылжан және Тоғамбай Сағындық  сынды спортшылар факультеттің мақтанышына айналды. Факультетте 6 профессор, 3 доцент, 2 PhD-аға оқытушы, 2 Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы, 4 Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткерлері және аға оқытушылар жемісті еңбек етуде. Спорт факультеті — тек білім беру ғана емес, сонымен қатар спортты дамытуға, ғылым мен тәжірибені біріктіруге және еліміздің спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған сенімді база болып табылады.