shape
shape

Деканның хабарламасы

Деканның хабарламасы

Құрметті білім алушылар!

Біздің негізгі міндеттер – факультетте шығармашылық ахуалды қалыптастыру және дамыту, қызметкерлердің, студенттер мен магистранттардың ғылыми әлеуетін жан-жақты дамытуға жағдай жасау, профессор-оқытушылар құрамының  беделін арттыру болып табылады. Біз заманауи білім беруде оқытылатын пәндердің кең ауқымын қамтитын ғылыми-шығармашылық  және білім беру ісіне бейімді оқытушы- профессорлар мен студенттерден құрылған  ынтымақты қауымдастықпыз.

Бүгінгі таңда басқадан шешім күтпейтін, кәсіби өмірге қалыптасқан шығармашылық және заманауи тәжірибесі бар маман сұранысқа ие. Құзіреттілікке негізделген білім беру үдерісі білім дағдыларының жиынтығын және жеке әлеуетін қалыптастыру  үшін жағдай жасауға, түлектерді кәсіби және күнделікті өмірге дербес шешім қабылдауға дайындауға дейін қайта бағдарлауды талап етеді.

Болашақ маманның шығармашылық қабілеттерін дамыту біздің басты назарда. Жаңа идеяларды қабылдауға және жасауға дайын адам ғана еңбек нарығында табысты болады. Біздің факультет білімгерлерге дене шынықтыру және спорт, өнер саласы бойынша озық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Біз студенттерге жоғары білімін жалғастыра отырып, университет қабырғасында шығармашылық қасиеттерін дамытып, жоғары жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік жасаймыз. Факультетте жоғары дәрежедегі мамандар, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар, Қазақстанның еңбегі сіңген әртістері, өнер және спорт саласының қайраткерлері дәріс береді. Білімгерлер Erasmus / Erasmus +, Mevlana сияқты халықаралық білім алмасу бағдарламаларына қатысу арқылы шетелдерде алдыңғы қатарлы университеттерде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Университетімізде білім алған бітірушілеріміз кәзіргі таңда әлемнің және еліміздің түкпір түкпірінде өз білімдерін жетілдіруде.  Декан ретінде мен, біздің студенттер мен түлектер спорттағы және өнердегі  жетістіктерімен ерекшеленетін үлгілі тұлғалар деп мақтанышпен айта аламын. Біздің білімгерлер Әлемнің, Азияның, Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Білім беріп тәрбиелеген студенттеріміздің, түлектеріміздің жеткен жетістіктерін әрқашан мақтан тұтамыз және жетістікке жетуге барлық жағдайды жасаймыз.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Бегахмет Абусейтов