Біз туралы
Спорт және өнер факультеті 2001 жылы негізі қаланып , университеттің спорт және өнер арқылы беделін арттыруға үлес қосып жатқан факультеттің бірі. Қазіргі таңда факультет құрамында 4 кафедра, 13 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындап, заманауи талаптарға сай қызмет атқарып келеді.
Қалыптасқан алғашқы жылдардан-ақ қалыптасқан «Спорт және өнер » факультеті профессор-оқытушылар құрамы деңгейінің өте жоғарылығымен ерекшеленіп келеді. Факультетте 85 профессор-оқытушы құрамы қызмет етуде. Оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушылар, ҚР Мәдениет және спорт қайраткерлері, тәжірибелі профессорлар мен оқытушылар дәріс беруде. Спорт және өнер факультеті түлектері Әлемнің және Республикамыздың түпкір-түпкірінде өз мамандықтары бойынша нәтижелі қызмет атқаруда. Біздің білімгерлер студент қатарында жүріп Олимпиада Ойындарында, Әлем және Азия чемпионаттарында топ жарған. Атап айтсақ: еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, 2018 жылы Азия ойындарының жеңімпаздары Дидар Хамза, Бағлан Ибрагимов т.б.. Өнер саласында оқыған түлектеріміз: Қазақ фильм киностудиясының актері Ержан Нұрымбет, әнші сазгерлер Алтынай Жорабаева, Нұржан Қалжан, «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев, және көптеген мамандар табысты еңбек етуде.
Бүгінгі күні Спорт және өнер факультеті — Қазақстан Республикасының спорттық және мәдени ағарту саласына қажетті жоғары дәрежелі мамандар даялайтын ірі ғылыми-білім орталығы болып саналады. Студенттер үшін арнайы жасақталған интерактивті дәрісханалар, соңғы үлгіде жабдықталған кітапхана, интернет сыныптары, спорт кешендері, студенттік асхана, жатақханалармен қамтылған.