shape
shape

Бағдарламалар

Спорт және өнер факультеті / Орындаушылық өнер кафедрасы / Бакалавриат

6B02123 - Актерлік өнер

Course Image Спорт және өнер факультеті Орындаушылық өнер кафедрасы

  • Зерттелетін салада мәліметтерді  жинақтау және Театр тарихын зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, спектакльді эстетикалық құбылыс ретінде зерттеу әдістемесін, актерлік және режиссерлік өнерді, сөйлеу өнерін, драма мен сахнаның өзара ықпалын тәжірибе барысында қолданады.
  • қазіргі және әртүрлі дәуірлердегі музыкалық мәдениеттің, театрдың эстетикалық принциптері туралы алған теориялық білімдерін пайдалана отырып, сахналық образ жасайды.
  • Актерлік өнер заңдылықтары мен драматургияның алғашқы қадамдарын зерттеп, танымал өнер өкілдерінің драматургиялық шығармаларын талдайды.
     
  • «6В02123 Актерлік өнер» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және екі шығармашылық емтихан мен Ұлттық бірыңғай тесті және кешенді тест тапсыру сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • Эксперименталды-зерттеу қызметі саласында: күрделі емес шығармашылық экспериментті жоспарлайды және жүргізеді; өзінің кәсіби қызметіне зерттеудің дидактикалық тиімді нәтижелерін енгізеді.
  • Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында: жоспарлау кезінде өнер және мәдениет мекемелерінің өндірістік бөлімшелеріне, оқу орындарына, шығармашылық ұжымдарға, мәдениет бөлімдеріне басшылық жасау және шығармашылық ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады. 
  • Әлеуметтік-этикалық қызмет саласында: қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін барабар орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдыларды меңгеру, әлеуметтік-этикалық мәселелер мен өзінің этикалық ұстанымын анықтау үшін өз бетінше шешім қабылдау.
  • Шығармашылық қызмет саласында: театрда, кинода, теледидарда, эстрадада рөлдерді орындау, жеке өнер көрсету, ансамбльде, хорда ән айту, радио мен теледидардың жетекші бағдарламалары ретінде өнер көрсету.