shape
shape

Бағдарламалар

Спорт және өнер факультеті / Орындаушылық өнер кафедрасы / Бакалавриат

6B02165 - Эстрада өнері

Course Image Спорт және өнер факультеті Орындаушылық өнер кафедрасы

  • Орындаушылық шеберлігін, эстрадалық музыкалық өнердің көркемдік ерекшеліктерін, әлемдік, шетелдік, отандық әндерді және олардың айырмашылықтарын, музыкалық аспап пен репертуарлық қорды меңгеруін көрсетеді.
  • Есту мен есте сақтау қабілеттерін қолданып, шығармаларда музыка теориясының ережелерімен музыкалық дыбыстардың, интервалдар мен аккордтардың заңдылықтарына сәйкес орындалуын талдайды. 
     
  • «6В02165 Эстрада өнері» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және екі шығармашылық емтихан мен Ұлттық бірыңғай тесті және кешенді тест тапсыру сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер арнайы дайындықтан (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) өтуі қажет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кəсіби қызметінің объектілері: концерттік және театрлық сахналар, музыкалық ұжымдар, музыкалық оқу орындары, мәдениет және өнер ұйымдары, шығармашылық қоғамдар, музыкалық редакциялар, студиялар, мәдениет, өнер және білім беру саласында қызмет ететін әр түрлі ұйымдар бола алады.