1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні
Салауатты Ясауи жобасы аясында Медицина факультетінің аға оқытушысы Ғ.Н.Асанованың жетекшілігімен студенттерге 1-ші желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі дәл ақпарат алуын қамтамасыз ету, алдын алу шаралары жөнінде ақпараттандыру және денсаулыққа деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру болды.
Студенттерге АИТВ-ның жұғу және жұқпау жолдары, ерте диагностиканың маңызы, вирус туралы мифтер мен қате түсініктер, сонымен қатар стигма мен кемсітушіліктің алдын алу жайлы кең көлемді түсіндірме берілді. Мамандар жастарды сауатты, сақ және толерантты болуға шақырды.
Бұл шара студенттердің денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттырып қана қоймай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қоғам алдында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.
Денсаулық — ең құнды байлық.
Алдын алу — қорғанудың ең тиімді жолы.
Емтихан кестесі
Хабарландыру 