Пациенттер мен олардың туыстарының қажеттіліктерін, құндылықтары мен қалауларын ескере отырып, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық дағдыларды көрсете отырып , заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады.
Медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға, сондай-ақ пациентке бағытталған тиісті және тиімді күтіммен сауатты емдеуді қамтамасыз етеді.
Мейіргер ісі білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің Жалпы орта (толық) білімі, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім немесе жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті және кешенді тест тапсыру қорытындысы байқауынан – «кіріс» сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер арнайы дайындықтан (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) өтуі қажет. (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары №600 24.05.2021ж.).