Денсаулық сақтау саласындағы білімді, тәжірибені және ғылыми жаңалықтарды меңгере отырып, жалпы халыққа алғашқы және жоғары мамандандырылған үздіксіз медициналық көмекті көрсете білетін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды.