ҒЗИ тарихы

Институт тарихы
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірі аймағының экологиялық зардап шегуіне байланысты экологиялық мәселелерді шешу мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Экология» ғылыми зерттеу институты 2001 жылдың 1 қыркүйегінде №1/441 санды бұйрығы негізінде құрылған.
ҚР ұлттық аккредиттеу орталығы еліміздің техникалық реттеу туралы заңнамаларында белгіленген тәртіппен, ГОСТ ISO/IEC 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды» негізге ала отырып, институттың «Экологиялық бақылау және химиялық талдау» зертханасын аккредиттеуден өткізіп, 2010 жылдың наурыз айында №KZ.И.16.0727 Аккредиттеу аттестаты берілді.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2008 жылы институтқа табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану қызметтеріне қатысты жұмыстар жүргізуге Мемлекеттік лицензия (№01234Р-0042385, 01.07.2008 ж.) берілген. Сонымен қатар зертхана прекуссорлармен, улы заттармен қызмет етуге рұқсатты сипаттайтын лицензиялармен қамтылған, өндіріс масштабында шығарылып жатқан өнімдерге (тыңайтқыш, тыңайтқыш-мелиорант, азықтық қоспа) сертификат алынған.
«Экология» ғылыми-зерттеу институтын 2001-2004 жж. техника ғылымдарының докторы, профессор Сүттібай Серманиязұлы Серманизов; 2004-2008 жж. техника ғылымдарының докторы, профессор Абдималик Манапұлы Аширов; 2008-2024 жж. «Экология» ғылыми-зерттеу институтының директор қызметін – ҚР ҰЖҒА академигі, РФ РЖА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ақбасова Аманкүл Жақанқызы атқарып келген. 2024 жылдан бастап PhD., Нурлан Әбдірахманұлы Ахметов директор қызметін атқарып жатыр.