ҒЗИ тарихы

Институт тарихы
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі экологиялық мәселелерді шешу, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытындағы ғылыми зерттеулерді дамыту мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Экология» ғылыми-зерттеу институты 2001 жылғы 1 қыркүйекте № 1/441 бұйрық негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу орталығы техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, ГОСТ ISO/IEC 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының негізінде институттың «Экологиялық бақылау және химиялық талдау» аналитикалық зертханасын аккредиттеуден өткізді. Нәтижесінде 2010 жылдың наурыз айында зертханаға № KZ.И.16.0727 аккредиттеу аттестаты берілді.
2008 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі институтқа табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға арналған № 01234Р-0042385 мемлекеттік лицензиясын берді. Сонымен қатар зертхана прекурсорлармен және улы заттармен жұмыс істеуге қажетті рұқсат құжаттарымен қамтамасыз етілді. Институт өндірістік көлемде шығарылатын өнімдерге, атап айтқанда тыңайтқыштарға, тыңайтқыш-мелиоранттарға және азықтық қоспаларға тиісті сертификаттар алған.
2001 жылдан бері «Экология» ғылыми-зерттеу институтын әр жылдары төмендегі ғалымдар басқарды:
2001–2004 жылдары – техника ғылымдарының докторы, профессор Сүттібай Серманиязұлы Серманизов;
2004–2008 жылдары – техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімәлік Манапұлы Аширов;
2008–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Аманкүл Жақанқызы Ақбасова.
2024 жылдан бастап институт директоры қызметін PhD, Ахметов Нурлан Абдурахманович атқарып келеді.