Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ

2025 жылғы 4–5 желтоқсанда Ахмет Ясауи университетінде «Ұлы дала философиясы және құқықтық мәдениет» атты халықаралық симпозиум өтті. Іс-шара ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ҚР Конституциялық Соты, Түркістан облысының әкімдігі және университеттің ұйымдастыруымен өткізілді.

Симпозиумға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерден құқық және қоғамдық ғылымдар саласындағы жетекші зерттеушілер қатысты.

Бағдарлама аясында секциялық отырыстар мен WORKSHOP ұйымдастырылды. Талқылау түркілік құқықтық ойлау, дала құқықтық мәдениеті, билер институты, Ясауи іліміндегі әділет қағидаттары және заманауи құқықтық тәрбие мәселелерін қамтыды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми жинақ пен құқықтық терминдер сөздігінің жобасы әзірленді.