Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

ҒЫЛЫМИ ІС - САПАР

Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Төлегенов Мұхит 17-24 қарашада Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында болды. Ғылыми іссапар «AP27511211 Түркістандағы киелі жерлерге қатысты аңыз-әпсаналардың аксиологиялық сипатын айқындау және жастар тәрбиесінде қолдану механизмдері» тақырыбындағы гранттық жоба аясында жүзеге асырылды. Бұл сапардың мақсаты – Самарқандтағы киелі жерлерге, әулиелі орындарға зиярат жасап, оларға қатысты аңыз-хикаяларды зерделеу және тәлім-тәрбиеде қолдану жұмыстары бойынша өзара тәжірибе алмасу. Осы мақсатта делегация, алдымен, Имам Бұхари орталығына ат басын бұрып, ондағы іргелі зерттеу жұмыстарымен танысты. Орталық директоры профессор Шовосил Зиёдов сұхбат кезінде қос ел арасындағы терең тамырлы әріптестікке айрықша тоқталды. Сонымен қатар Имам Матуриди кесенесі, Махдум Ағзам мазары, Шахи Зинда кешені, Мырза Ұлықбек обсерваториясы музейлеріне экскурсия жасалды. Әсіресе Махдум Ағзам мазарына зиярат кезінде ғалым Миғражаддин Аманов сол жерде жерленген әулие, ғұламалардың Қожа Ахмет Ясауи ілімінен нәр алғаны туралы ауқымды мәлімет берді. Іссапар кезінде арнайы қабылдаған институт проректоры Шарипов Толқын қос университет арасындағы нәтижелі байланыс жөнінде келелі сұхбат өрбітті. Институт ғалымдары Хаққулов Нәбижан мен Азизкулов Акрам көзделген жұмыстардың жоғары деңгейде орындалуына айрықша үлес қосты. Мұндай ынтымақтастық пен ғылыми әріптестіктің алдағы уақытта өз жемісін берері сөзсіз.