Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

РУХАНИ ТӘРБИЕ МЕН АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

2025 жылдың 3 қарашасында Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда «Адалдыққа негізделген біртұтас тәрбие – экстремизмге қарсы қалқан» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға өңір мектептерінің ұстаздары қатысты.

Семинарда Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. Бауыржан Сайфунов «Рухани құндылықтар және экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Ол рухани тәрбие мен ұлттық мәдениеттің экстремизмнің алдын алудағы маңызын атап өтіп, жастардың құқықтық сауатын арттырудың қажеттілігін атап көрсетті.

Сонымен бірге Дін саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты түсіндірме беріп, заң нормаларын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Семинар рухани құндылықтарды дәріптеген, ұлттық сананы күшейтуге бағытталған маңызды басқосу ретінде жоғары бағаланды