ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: ЯСАУИ МҰРАЛАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
28 қазан 2025 жылы Ясауитану ғылыми-зерттеу институты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыруға қатысты Жолдауын іске асыру аясында «Ясауи мұраларын цифрландыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жиында Ясауи мұрасын заманауи форматта сақтау, ғылыми айналымға енгізу және жастарға қолжетімді ету жолдары қарастырылды. Қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Ясауи ілімін халықаралық деңгейде насихаттау ұсыныстарын ортаға салды.
Шараның қорытындысында рухани мұраны цифрландыру ұлттық сана мен мәдени бірегейлікті сақтаудың маңызды қадамы екені атап өтілді.