shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы 2006 жылы «Тіл пәндері» кафедрасы ретінде медицина факультетінің құрамында болды. 2007-2008 оқу жылында кафедра екіге бөлініп «Шетел тілдері» болып аталынды. 2008 оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ құрылымында өзгерістердің болуына байланысты «Шетел тілдері» кафедрасы жабылып, орнына «Жаратылыстану мамандықтары ағылшын тілі» кафедрасы құрылды. Кафедра филология факультетінің құрамына енгізілді. Қазіргі таңда кафедрада жалпы саны 20 ОПҚ, оның ішінде 1 кандидат, 6 аға оқытушы, 14 оқытушы қызмет етуде. Кафедра оқытушылары әр оқу жылында біліктілік арттыру мақсатында біліктілік жетілдіру курстарына қатысып отырады. Практикалық ағылшын тілі пәні бойынша студенттік конференциялар және студенттік олимпиадалар ұйымдастырылады. Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.Жанатаев.