shape
shape

Миссия және көрініс

Миссия

Терең тарихтан жарқын болашаққа!

Қожа Ахмет Ясауидің зияткерлік және мәдени мұрасынан шабыт алып, ой еркіндігі мен әмбебап академиялық принциптерді сақтай отырып, ұлттық рухани сана-сезімі жоғары, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын түсінетін Түркі әлемінің жастарына  халықаралық стандарттарға сай, бәсекеге қабілетті және сапалы білім беру арқылы түркі тілдес елдердің ынтымақтастығына үлес қосу.


Міндет

Білім беру мақсаттары

Әлеуметтік және азаматтық сауаттылыққа ие мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, пәндік білімі терең, инклюзивті білім беру ұстанымдарын ескере  отырып оқу-тәрбие үдерісін жоспарлайтын, ұйымдастыратын және бағалайтын, ғылыми-педагогикалық зерттеу дағдыларын  игерген, инновацияға ашық,  қазақ тілі мен әдебиетінің креативті көшбасшы мұғалімдерін дайындау;

Тіл және әдебиет саласында жүйелі ойлауға қабілетті, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде коммуникативтік, филологиялық зерттеу дағдылары қалыптасқан,  әлеуметтік ортаға бейім, мәдениетті, патриот көшбасшы филолог даярлау.