shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

«Қазақ филологиясы» кафедрасының негізі 1991 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қаланды. Одан беріде «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» кафедралары өз алдына жеке кафедраларға бөлінді. Кейін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Журналистика» кафедралары бірікті. «Журналистика» кафедрасының бөлініп кетуіне байланысты 2017 жылы кафедра атауы «Қазақ филологиясы» кафедрасы болып өзгерді. Жылқыбай Гүлімжан  Қызметқызы 2017-2018 оқу жылынан бері кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Қазіргі таңда кафедра университеттегі ең ғылыми потенциалы жоғары интеллектуалдық-шығармашылық орталыққа айналды. Кафедра жоғары зияткерлік әлеуетке - ЖОО ғалымдары мен профессор-оқытушы құрамына ие. Кафедраның ғылыми дәрежесі -90%, олар - 22 білікті оқытушы, оның ішінде 3 ғылым докторы, 1 Phd, 8 қауымдастырылған профессор, 8 ғылым кандидаты, 2 магистр оқытушы.

Кафедрада 4 ҚР ЖОО үздік оқытушысы бар: Жылқыбай Г.Қ. (2008), Исаева Ж.И. (2018), Ергубекова Ж.С. (2020), Қошанова Н.Д. (2022).

Кафедра ғалымдары «Түркі мәдениетінің сабақтастығы: түркі халықтарының дүниетанымы мен тарихы, тілі мен әдебиеті, түркология ғылымының қалыптасу кезеңдері, тілдік байланыстарды теориялық-әдістемелік зерттеу аспектілері» тақырыбы бойынша белсенді түрде жұмыс жасайды.