shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

Түрік филологиясы кафедрасының тәлімгері Измир қаласындағы Эге университетінде біліктілік арттырды.

Түрік филологиясы кафедрасының PhD, доцент м.а. Жиенбаев Ерлан 2023 жылы 15-31 мамыр күндері аралығында Орхун акамемиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Измир қаласындағы Эге университеті Түркі әлемі зерттеу орталығындағы ғылыми қызметкерлерінің түркі халықтарының әдебиетіне қатысты зертттеу жұмыстарымен тынысып, біліктілік арттырды. Түркі халықтарының тілі, әдебиеті, фольклоры, ұлттық құндылықтары жайлы ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді түрде қатысып, Қазақ әдебиетінің даму тарихы жайлы семинар өткізді. Сонымен қатар Эге университеті Әдебиет факультетінің оқытушы профессор құрамымен бірге зерттеу жұмыстарын жалғастырып, оқытушы ретінде сабақтарға қатысты. Эге университетіндегі инновациялық оқыту әдістері,  білімгерлермен жұмыс және басқару жүйесімен танысып, академиялық ұтқырлыққа қатысты екі елдің оқу ордалары арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына өз үлесін қосты.