shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Кафедра 1993 жылы Шығыстану факультетінің құрамында «Түрік тілі мен әдебиеті» атауымен ашылды. Ашылғаннан бері кафедраны Метин Акар, Ш.Акташ, М.Уғурлу, Х.Чеби, Г.Караагач т.б. басқарды. Қазіргі таңда Кафедра меңгерушісі – PhD, аға оқытушы Кенан Семиз. Сонымен бірге кафедрада әр жылдары Хасан Көксал, Мехмет Киремит, Исмет Четин, Айша Үйджел, Ахмет Өджал, Кадир Өздамарлар, Айша Фериха Север секілді Түркияның атақты ғалымдары қызмет етті. Кафедра университеттің негізгі оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші – 44%. Білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларындағы базалық және кәсіптік пәндер бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірлігінің жалпы саны - 30. Оның ішінде  1 доктор, 1 доцент, 15 PhD докторы, 2 ғылым кандидаты, 7 аға оқытушы және 8 магистр оқытушы бар.